21 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы № 439

326 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін
2013 жылғы 26 желтоқсан,  Астана қаласы «Электр станциялардың электр жабдықтарын және таратушы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1.Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Электр станциялардың электр жабдықтарына және таратушы құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. РАУ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі _______ Т. Дүйсенова 2014 жылғы 10.01. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №439 бұйрығымен бекітілген «Электр станциялардың электр жабдықтарын және таратушы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Электр станциялардың электр жабдықтарын және таратушы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Электр жабдықтарын жөндеу», «Электр энергиясын өндіру» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге; 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге; 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған. 2. КС негізгі пайдаланушылары: 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер; 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады. 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді. 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы; 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат; 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар; 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі; 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі; 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі; 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті; 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі; 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы; 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы; 14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы. 2. КС паспорты 5. КС паспорты келесіні анықтайды: 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 33.14 Электр жабдықтарын жөндеу, 35.11 Электр энергиясын өндіру еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына, қызметкерлердің біліктілік деңгейіне, құзыретіне қойылатын талаптар. 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: электр қуаты кешенінің қауіпсіз, сенімді әрі тұрақты қызмет етуін, электр және жылу қуатын ұтымды әрі үнемдеп пайдалануды, сондай-ақ электр жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері. 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары 1-параграф «Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері» 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша - 2-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7241 «Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - барлық қуаттылықтағы жалпы және арнайы белгіленген трансформаторлардың үздіксіз орамдарын жөндеу және дайындау, орамдар мен оқшауларды жөндеу, ауыспалы және тұрақты ток электр машиналары орамдарының бір бөлігін алмастыру немесе толығымен қайта орау, мегаомметр және ылғалдылықты бақылау аспабын қолдана отыра оқшаулау жағдайын анықтау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген. 2-параграф «Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі» 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша - 2-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8282 «Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - арнайы жөндеу-монтаждау құралдарын, тетіктерін, такелаждық жабдықтарды, өлшеу құралдарын және сынақ құрылғыларын қолдана отыра кез-келген салқындату әдістерін, кез-келген қуаттылықты және кернеуді түрлі орындаудағы тұрақты және ауыспалы ток электр машиналарын, жөндеу және қайта құру; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген. 3-параграф «Таратушы құрылғылардың жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі» 8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша – 2-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7241 «Таратушы құрылғылардың жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: таратушы құрылғылардың жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - станциялар мен подстанциялар, трансформаторлар және енгізулердің таратушы құрылғыларын жөндеу және техникалық қадағалау кезіндегі қосалқы жұмыстар, бөлшектерді слесарлық өңдеу, таратушы құрылғылардың жабдықтарын бөлшектеу, жөндеу және жинау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Таратушы құрылғылардың жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген. 4-параграф «Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтері» 9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3-4, СБШ бойынша - 3-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7233 «Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтері»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету, оның үздіксіз әрі үнемді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген. 5-параграф «Техник-электрик» 10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5, СБШ бойынша - 4-5; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3113 «Техник- электрик»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: техник-электрик; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк түсірмейтін тұтынушылардың байланыс желілері мен электр желілерінің бағалы аспаларын күрделі емес электрлік және механикалық есептеуді орындау. Техник-электрик электрмен қамтамасыз ету құралдарында өлшеуді жүзеге асырады, тозуды анықтайды, электрмен қамтамасыз ету құрылғыларындағы ақаулардың алдын-алады, анықтайды және жояды, материалдар, қосалқы бөлшектер және тораптарға деген қажеттілікті анықтайды; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техник-электриктің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген. 6-параграф «Электр жүйелерінің инженері» 11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5-6, СБШ бойынша - 5-6; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 2143 «Электр жүйелерінің инженері»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: электр жүйелерінің инженері, инженер-электрик; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - электр станцияларында механизмдер мен өзге де электр жабдықтарының генераторлары, трансформаторлары, жоғары вольтты ажыратқыштары, электр қозғалтқыштарының сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр жүйелері инженерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген. 4. КС бірліктерінің тізімі 12. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-6-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады. 5. КС бірліктерінің сипаттамасы 13. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген. 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері 14. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі. 15. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады. 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі 16. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. 17. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген. «Электр станциялардың электр жабдықтарын және таратушы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 1-қосымша Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері № р/с Қызмет түрінің атауы Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы СБШ біліктілік деңгейлері БТБА бойынша разряды 1 Электр жабдықтары орамдарын және оқшаулауды жөндеу Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері 2-4 2-7 2 Электр машиналарын жөндеу Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі 2-4 2-7 3 Таратушы құрылғылар жабдықтарын жөндеу Таратушы құрылғылардың жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі Таратушы құрылғылардың жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі 2-4 2-7 4 Электр жабдықтарға қызмет көрсету Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтері Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтері 3-4 4-7 5 Электр жабдықтарға қызмет көрсету және оларды жөндеу Техник-электрик Техник-электрик 4-5 - 6 Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі басқарушылық қызмет Электр жүйелерінің инженері Электр жүйелерінің инженері 5-6 - Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген «Электр станциялардың электр жабдықтарын және таратушы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 2-қосымша 1-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрама өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Үй-жайда жұмыс кезінде: қауіпті және зиянды факторлардың әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Кемінде 2 жыл 3 деңгейде 2-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрама өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Үй-жайда жұмыс кезінде: қауіпті және зиянды факторлардың әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Кемінде 2 жыл 3 деңгейде 3-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Таратушы құрылғылардың жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрама өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Үй-жайда жұмыс кезінде: қауіпті және зиянды факторлардың әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Кемінде 2 жыл 3 деңгейде 4-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрама өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Үй-жайда жұмыс кезінде: қауіпті және зиянды факторлардың әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Кемінде 2 жыл 3 деңгейде 5-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техник-электриктің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрама өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Үй-жайда жұмыс кезінде: қауіпті және зиянды факторлардың әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Кемінде 2 жыл 3 деңгейде 5 Техникалық және кәсіби (орташа буын маманы) ортадан кейінгі білім, жұмыс тәжірибесі, немесе жоғары білімі Кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл 6-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр жүйелері инженерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрама өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Үй-жайда жұмыс кезінде: қауіпті және зиянды факторлардың әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 5 Техникалық және кәсіби (орташа буын маманы) ортадан кейінгі білім, жұмыс тәжірибесі, немесе жоғары білімі Кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл 6 Жоғары білім, еңбек тәжірибесі Еңбек өтілі 1 жылдан кем емес   «Электр станциялардың электр жабдықтарын және таратушы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 3-қосымша КС бірліктерінің тізімі 1-кесте «Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Ақауларды анықтау, ауа және маймен салқындатумен күш трансформаторлары, іске қосу және токты шектеуші реакторларды оқшаулау және орамының барлық типтерін жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі мен өндірісін анықтау 2 Ф Ораудың барлық сыныбы бойынша барлық қуаттылық пен кернеудің, кез келген орындаудағы электр машиналарының орамын ішінара немесе толықтай орау кезінде орау және оқшаулау жұмыстарын атқару 3 Ф Орамдарды және белсенді болатты жасанды салқындатудың барлық түрлерімен турбиналы генераторды оқшаулау және орамын жөндеу. Электр машиналарының бірегей элементтерін толықтай орау және біріктіру 4 Ф Ақауларды анықтау, орамдарды тікелей сұйықтықты және жанама салқындату арқылы түрлі кернеудегі трансформаторлардың «монолит» типіндегі орамдарын жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу және көлемін анықтау 2-кесте «Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Қиыстырып келтіру және жетілдіру арқылы бөлшектерді слесарлық өңдеу 2 Ф Тұрақты және ауыспалы ток электр машиналарын бөлшектеу, жөндеу және жинақтау, қайта құру, әуе, сутекті және сумен салқындату арқылы барлық құрылымдағы электр машиналарының типтік номенклатурасы бойынша ағымдағы және күрделі жөндеу 3 Ф Генераторларды салқындату жүйесін қайта құру 4 Ф Электр машиналары тораптарын бөлшектеуге байланысты такелажды операцияларды басқару. Аса күрделі такелажды жұмыстар 3-кесте «Таратушы құрылғылардың жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Қиыстырып келтіру және жетілдіру арқылы бөлшектерді слесарлық өңдеу 2 Ф Таратушы құралдардың электр жабдықтарын жөндеу, демонтаждау, монтаждау, реттеу және жөнге келтіру, барлық типтер мен қуаттылықты күш тарнсформаторларынын, жоғары вольтты енгізуді күрделі жөндеу 3 Ф Күрделі әрі жауапты құралдар мен құрылғыларды реттеу және жөндеу 4 Ф Жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және жинақтау және оларды жөнге келтіру, жөндеу құралдарын, такелажды құралдарды жөнге келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Такелажды жұмыстарды орындау 4-кесте «Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Турбиналы генератормен жылу электр станцияларында электр жабдықтарына қызмет көрсету және оның үздіксіз әрі үнемді жұмыс істеуін қаматамсыз ету 2 Ф Таратушы құрылғыларда жедел ауыстыру. Электр жабдықтарын оқшаулау жағдайын магомметрмен тексеру 3 Ф Қызмет көрсетуші жабдықтардың жұмысында орын алған ақауларды анықтау және жою. Электр жабдықтарындағы апатты жағдайларды жою 5-кесте «Техник-электрик» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Неғұрлым білікті маманның басшылығымен қажетті техникалық есептерді жүргізу, күрделі емес жобалар мен қарапайым сызбаларды әзірлеу, олардың техникалық тапсырмаларға, қолданыстағы және нормативті құжаттамаға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс 2 Ф Зертхана жағдайында және нысандарда жабдықтар мен жүйелерді жөнге келтіру, баптау, реттеу және тәжірибелі тексеруді жүзеге асыру, электр жабдықтары жағдайының дұрыстығын тексеру 3 Ф Жаңа техниканың және прогрессивті технологияның, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу 6-кесте «Электр жүйелерінің инженері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Электр станциялары мен таратушы құралдардың электр жабдықтарын, электр және жылу желілерін үздіксіз жұмыс істеуді, дұрыс пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз ету 2 Ф Энергия шаруашылығын пайдалану үшін қажетті жабдықтарды, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға сұраныс дайындау 3 Ф Ұйымда қолданылатын бақылау-өлшеу, электротехникалық және жылу техникалық аспаптарды техникалық қадағалауды жүзеге асыру 4 Ф Пайдалануға қабылдау, тексеру және мемлекеттік қадағалау органдарымен куәландыру үшін электр станциялары және таратушы құралдарда электр қондырғыларын, электр жабдықтарын дайындауды қамтамасыз ету 5 Ф Электр жабдықтарын күрделі және өзге де жөндеу жұмыстарын орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру 6 Ф Отын-энергетика қорларын тиімді пайдалану және үнемдеу бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және тарату Ескертпе: Ф – функция. «Электр станциялардың электр жабдықтарын және таратушы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 4-қосымша КС бірліктерінің сипаттамасы 1-кесте 1.СБШ 2-деңгейіндегі «Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі Ф 1 Ауа және маймен салқындатумен күш трансформаторлары, іске қосу және токты шектеуші реакторларды оқшаулау және орамдары Электр өлшеуіш аппаратурасы, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 1-1 М Ақауларды анықтау, күш трансформаторларын оқшаулау және орамының барлық типтерін жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі мен өндірісін анықтау Электр жабдықтарын орау және оқшаулауды жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде стандартты және бір типті практикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі біліктілік Күштік және өлшеу трансфор-маторларының орамдары мен оқшаулау құрылымдарын білу. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы білігі Ф 2 Қызмет көрсетуші жабдықтарды орамдары Мегаомметр, ылғалдылықты тексеру аспабы, кептіру шкафы, сіңіру құрылғысы, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 2-1 М Мегомметр және ылғалдылықты бақылау аспабын қолдана отыра оқшаулау жағдайын анықтау, орамдарды сіңіру, оқшауларды тығыздау, көмеш және кептіру Оқшаулау жағдайын анықтау кезінде нұсқаулықпен берілген алгоритм бойынша іс-әрекеттер әдісін таңдау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын игеру Орамдарды біріктіру сызбаларын және реттеу тарамдарының мәнін білу Ф 3 Турбиналы генераторлардың орамдары Қажетті оқшаулау және өткізгіштік материалдар, жұмыс және өлшеуіш аспаптар және станоктар, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 3-1 М Орамдарды жасанды салқындатудың барлық түрлерімен турбиналы генераторларды оқшаулау және орамдарды жөндеу Турбиналы генераторларды орау және оқшаулауды жөндеу бойынша тапсырмаларды орындау барысында жұмыс жағдайының шарттарына сәйкес іс-әрекеттерді түзету Жабдықтардың, арнайы құрылғылардың әрекет ету принципін білу, материалдық құралдары, электр өлшеу құралдары мен аппаратура жабдықтары 2-кесте 2.СБШ 3-деңгейіндегі «Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі Ф 1 Күрделі құрылымдарды орамдары және оқшаулау Қажетті оқшаулау және өткізгіштік материалдар, жұмыс және өлшеуіш аспаптар, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 1-2 М Күрделі құрылымды оқшаулау мен орамдардың сызбалары мен есептік жазбалары бойынша әзірлеу Электр жабдықтарын орау және оқшаулауды жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде стандартты практикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі іскерлік Арнайы тағайындалған күштік, өлшеуіш, сынақтық және өзге де трансфор-маторлардың және электр машиналарының орамдары мен оқшауларының құрылымын білу. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы білігі Ф 2 Барлық орындаудағы электр машиналарының орамы Қажетті оқшаулау және өткізгіштік материалдар, жұмыс және өлшеуіш аспаптар және станоктар, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 2-2 М Орамдардың барлық сыныптары бойынша барлық қуаттылық және кернеудегі, кез-келген орындаудағы электр машиналарының орамдарын ішінара немесе толық орау кезіндегі орау және оқшаулау жұмыстары Орау және оқшаулау жұмыстары кезіндегі білімі мен практикалық тәжірибесі негізінде белгілі іс-әрекет әдістерін таңдау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын игеру Оқшаулаудың ескіру себептерін, орамдарға қатысты сызбаларды, үлгілерді және есептік жазбаларды оқи білу Ф 3 Электр машиналарының орамдары Қажетті оқшаулау және өткізгіштік материалдар, жұмыс және өлшеуіш аспаптар және станоктар, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 3-2 М Электр машиналарының бірегей элементтерін толықтай орау және біріктіру Қол жеткізілген нәтижелерді есепке ала отыра қызметті түзету, электр жабдықтарын орау және оқшаулаудағы ақауларды анықтау және жою машықтары Орамдар мен шарғыны, электр техникасы негіздерін ішінара және толықтай қайтадан орау арқылы орауды және оқшаулауды жөндеу кезінде жұмыстарды жүргізу ережелерін білу 3-кесте 3.СБШ 4-деңгейіндегі «Электр жабдықтарын оқшаулау және орамдарды жөндеу бойынша электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі Ф 3 Электр машиналарының орамдары Қажетті оқшаулау және өткізгіштік материалдар, жұмыс және өлшеуіш аспаптар және станоктар, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 3-2 М Электр машиналарының бірегей элементтерін толықтай орау және біріктіру Жұмыс ахуалын және оның болжамды өзгерістерін дербес түрде талдауды талап ететін түрлі типтегі практикалық міндеттерді орындау «Монолит» типіндегі орамдардың құрылымын, оқшаулауды орындау үшін қолданылатын оқшаулау материалдарының қаситетерін, оқшаулау және ораудың бұзылу белгілерін және оларды жою әдістерін білу. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы білігі Ф 4 Түрлі кернеудегі трансформа-торлардың «монолит» типіндегі орамдары Электр өлшеуіш аппаратура, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 4-1 М Ақауларды анықтау, «монолит» типіндегі орамдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу және көлемін анықтау «Монолит» типіндегі орамдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу және көлемін анықтау кезінде қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын игеру Трансфор-маторлар мен электр машиналарында қолданылатын орамдарға қатысты сызбаларды, үлгілерді және есептік жазбаларды оқу ережесін білу «Монолит» типіндегі оқшаулы электр машиналарының орамдары Қажетті оқшаулау және өткізгіштік материалдар, жұмыс және өлшеуіш аспаптар және станоктар, қорғаныс киімі, резеңке қолғаптар 4-2 М Түрлі қуаттылық және кернеудегі, кез келген салқындату түріндегі «монолит» типіндегі оқшаулаумен электр машиналарының орамдарын толықтай орау кезіндегі орау және оқшаулау жұмыстары Электр машиналарының орамдарын ішінара және толықтай орау бойынша орау және оқшаулау жұмыстары кезіндегі ағымдағы және қорытынды бақылау Орамдар мен оқшаулауды жөндеу кезіндегі операциялардың реттілігін, электр машиналарының бірегей элементтерінің құрылымын және оларды жинау ережелерін, орамдарды электр параметрлері және су тығыздығына сынау әдістерін білу   4-кесте 4. СБШ 2-деңгейіндегі «Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі Ф 1 Машина бөлшек-терінің сызбалары мен үлгілері Слесарь құралдары, сызбалар, сызба құралдары, мақта-мата костюмы, құрама қолғаптар 1-2 М Электр машиналарын жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың сұрыпын және сапасын анықтау. Сызбалар мен үлгілерді құру Жылу электр с