Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Қазақстан Түркияға тағы 100 киіз үй жөнелтеді

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Түркияға тағы 100 киіз үй жөнелтеді

Қазақстан мен Қырғызстан еріктілері  жіберген киіз үйлер Кахраманмараш қаласында орнатылды.

«Сонымен қатар біз Алматыдан 100-ге жуық киіз үй жөнелтуді ұйымдастырып жатырмыз. Бұл біздің елшілік арқылы өтетіндер ғана. Басқа да адамдар өздері жіберетін киіз үйлер болуы мүмкін», деді Уфук Экиджи.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан Түркиядағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 84 киіз үй жіберген еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда болған жойқын жер сілкіністері 43,5 мыңнан астам адамның өмірін қиған. Апат аймағынан 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Полицейлердің мәліметінше, 564 адам жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда үй салу нормаларын бұзды деген күдікке ілінген. Күдіктілердің 160-ы қамауға алынды, кейбірі әлі іздестіріліп жатыр.

Үйінділер арасынан адамдарды іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігінің қазақстандық құтқарушылары да аттанған. ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі болған аумақта тәулік бойы жұмыс істегенін айтты.

Ал 20 ақпанда Түркия мен Сирия шекарасында магнитудасы 6,4 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелген еді.