Сыртқы сауданың көп үлесін Атырау, Алматы, Астана қалалары құрайды. Атырау - 25 пайыз, Алматы - 21 пайыз, Астана - 11 пайыз. Ал керісінше, экспорты ең төмен Ұлытау, Жамбыл, Жетісу облыстары. Үш облыс жалпы экспорттың 0,6 пайызын ғана құрайды.
Ал сыртқы сауда айналымындағы өңірлердің өндіріс ерекшелігіне тоқталсақ:
Шикізат экспортайтын үздік 3 өңір (58,2 млрд доллар):
Атырау облысы (53,2%)
БҚО (13%)
Астана (9,7%)
Металл экспортайтын үздік 3 өңір (15,1 миллиард доллар):
Қарағанды (33,5%)
Павлодар (17,8%)
ШҚО (14,7%)
Дайын өнімді экспортайтын үздік 3 өңір (4,7 млрд доллар):
Алматы (51,2%)
Астана (14%)
Алматы облысы (7,1%)
Қазақстандағы тауарларды импорттайтын үздік 3 өңір (50 млрд доллар):
Алматы (43,1%)
Астана (11,4%)
Алматы облысы (8,0%)
Тұтыну тауарларын импорттайтын үздік 3 өңір (15 млрд доллар):
Алматы (54%);
Алматы облысы (14%);
Астана (7,7%).
Инвестициялық тауарларды импорттайтын үздік 3 өңір (11,6 млрд доллар):
Алматы (53%)
Астана (11,7%)
Алматы облысы (5,4%)