Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ ақпан айында 20 мың тонна қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбыры арқылы одан әрі Германияға жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пунктіне тасымалдайды.
2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды одан әрі Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Адамова Застава мұнай жеткізу пункті бағытында тасымалдауға жыл сайынғы өтінім жіберді.
Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.