Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Журналист Вадим Борейконың операторының көлігін өртеген күдікті ұсталды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігін өртеп жіберген күдікті қамауға алынды. Ақпаратты Алматы қалалық соты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналист Вадим Борейконың операторының көлігін өртеген күдікті ұсталды

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қойды деген күдікті екі айға қамауға алынған. Мұндай шешімді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарған.

«Биыл 23 ақпандағы сот ұйғарымымен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», деді қалалық сот.