Хоккей • 24 Ақпан, 2023

«Барыс» ҚХЛ маусымындағы финалдық матчты өз алаңында өткізеді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 ақпанда Астананың «Барысы» ҚХЛ-ның 2022/23 маусымындағы соңғы ойынын өткізеді. Ол өз алаңында Ярославльдің «Локомотивімен» ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барыс» ҚХЛ маусымындағы финалдық матчты өз алаңында өткізеді

«Барыс» – «Локомотив» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. 67 ойыннан кейін «Барыстың» 61 ұпайы бар; «Локомотив» 67 ойыннан кейін 90 ұпай жинады.

Соңғы тұрақты матчта «Барыс» Новосібірдің «Сібірінен» сырт алаңда ұтылды (2:4), ал «Локомотив» Омбы «Авангардынан» қосымша уақытта ұтылды (3:4). ҚХЛ-ның соңғы бес кездесуінде «Барыс» бір ғана жеңіске жетті.