Қоғам • 24 Ақпан, 2023

Биыл атаулы әлеуметтік көмекке 73,9 млрд теңге бөлінді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай  бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл атаулы әлеуметтік көмекке 73,9 млрд теңге бөлінді

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген  әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

Биылғы  жылдың 1 ақпанындағы жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 106,4 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.