Тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың негізгі жетістіктерін атап өтіп, келешектегі перспективаларына тоқталды.
Қазақстандық дипломат Астана мен Токио арасындағы жоғарғы және жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығы туралы мәлімдеді.
Екі ел қоршаған ортаны қорғау, көлік және логистика, цифрландыру және өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.
2022 жылы елдер арасындағы тауар айналымының өсуі қанағаттанарлық деңгейде жүргізілген.