Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды.
Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар мен Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттары анықталды.
Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.