Оқиға • 24 Ақпан, 2023

Алматы облысында жоғалған шопан табылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше сағат 22.41-де Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданы Қаншеңгел мен Айдарлы ауылдарының арасында қой айдап шыққан 1968 жылы туған ер адам жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында жоғалған шопан табылды

Іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу құтқарушылар жіберілді.

2023 жылғы 24 ақпанда сағат 08.20-да азамат Ащысу ауылынан оңтүстік-шығыс бағытта 10 шақырым жерден табылды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Іздестіруге ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы және екі туысы жұмылдырылды.

Шопанның туыстары құтқарушыларға оны іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20