Кортқа алғашқы болып қарағандылық Арсланбек Айтқұлов пен алматылық Никита Сидоров шықты. Бірінші сетті Арсланбек таза жеңді. Екінші партияда Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі баяулаған жоқ, шабуыл ойынын ұстанды. Ол өз мансабында алғаш рет елдегі ересектер біріншілігінің финалында ойнайды. Онда оған тәжірибелі Тимур Хабибулинді 2:6, 7:6 (7:1), 7:6 (7:3) есебімен жеңген Тимур Мауленов қарсы тұрады.
Финалда әйелдер арасында 14 жастағы Ариана Гогулина және 15 жастағы Альбина Какенова бақ сынайды. Ариана жартылай финалда Әдемі Амангелдінің қарсылығын бұзды – 6:4, 4:6, 6:0, ал Альбина Айя Мырзақұлованы жеңді– 7:6 (7:3), 6:4.
Бүгін Қазақстанның қысқы чемпионатында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның жаңа чемпионының аты анықталады.