Бүгін полицейлер жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлім белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.