Саясат • 25 Ақпан, 2023

Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастық мәселелерін талқылады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Әзербайжанның елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесу барысында тараптар көпжақты платформалар, атап айтқанда, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және т.б. ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар сондай-ақ Баку қаласында саммит форматында өтетін COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Қосылмау қозғалысы байланыс тобының отырысын, Түркістан қаласындағы 10-шы ТМҰ саммитін, Нуакшот қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.

Дипломаттар ынтымақтастықтың көпжақты форматтар шеңберінде тығыз байланыста болуға келісті.