Спорт • 27 Ақпан, 2023

Өзбекстанда өткен автожарыста отандасымыз жүлделі орынға ие болды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандасымыз көршілес мемлекетте өткен автожарыста екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz 24 Хабар арнасына сілтеме жасап

Өзбекстанда өткен автожарыста отандасымыз жүлделі орынға ие болды

Бұл іс-шара Өзбекстан мемлекетінде ұйымдастырылған. Көлік жарысына жергілікті спортшылардан бөлек, Қазақстанмен Тәжікстаннан 50-ге тарта темір тұлпар иесі бақ сынасқан еді. 

Жүргізуші Илья Прокопенко: «Мен Қазақстанда мұндай жарыстарға жиі қатысып тұрамын. Өзбекстанға алғаш келуім. Ауа райына байланысты жол ауыр болды. Көп көлік лайда қалып қойды. Біз темір тұлпарымызды осы сайысқа арнайы дайындадық. Алдағы уақытта басқа да халықаралық жарыстарға қатысып, бұдан биік белестерді бағындырамын деген сенімдемін», деп ойын аяқтады. 

Жол талғамайтын көлік мінгендер түрлі кедергілерден сүрінбей өтті. Біздің елден барған спортшы мәре сызығына екінші болып жетті. Алайда жарыс жеңімпазымен уақыт айырмашылығы көп емес. Бәйге барысында лай-батпақтан әрі аса алмағандар да бар. Жүлдегерлер сыйақы және естелік сыйлықтармен марапатталды. Отандасымыз бұл жетістігімен тоқтамай, алдағы уақытта жоғары деңгейлі жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.