Аймақтар • 27 Ақпан, 2023

Маңғыстауда көлік тиеген автотасығыш өртеніп, 4 адам қаза тапты

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында автотасығыш пен жеңіл көлік соқтығысып, артынша өрт шыққан. Нәтижесінде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда көлік тиеген автотасығыш өртеніп, 4 адам қаза тапты

фото: lada.kz

Қайғылы оқиға 25 ақпан күні сағат 11:42 шамасында «Сай-Өтес-Бейнеу» тас жолының 383-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көлік отқа оранды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды.

«Науқас бас миының жабық жарақатын алған, бас миының контузиясы, сан сүйегінің диафизінің жабық сынуы, сол қолдың екі сүйегінің ашық сынуы, өкпесінің контузиясы бар. Науқастың жағдайы ауыр», деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында Алматы-Қорғас тас жолында жүк тиеген көлік тасымалдаушылар жаппай апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.