Тағайындау • 27 Ақпан, 2023

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекмағамбетов Досбол Боташұлы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. 

Ол өзінің мансабын 2007 жылы Қарағанды облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің бас маманының м.а. ретінде бастады.

2007-2008 жылдары - Қарағанды ​​қаласы Нұра ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспекторының бас маманы.

2008-2012 жылдары – Қарағанды ​​облысы Нұра ауданының бас маманы – экология жөніндегі уәкілетті инспекторы.

2012-2016 жылдары - Қарағанды ​​облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар департаментінің сарапшысы.

2017-2019 жылдары - Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау департаментінің бас маманы; Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары болды.

2019-2021 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшының орынбасары;  

2021 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.