Тағайындау • 28 Ақпан, 2023

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің келісімімен Мавр Ерғалиұлы Абдуллин 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары  лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Мавр Абдуллин 1973 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
 
Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мекемесінің жұмысшысы болып бастаған.
 
1993 – 1995 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
 
1995 – 2012 жылдары Ойыл аудандық киножелісі дирекциясының директоры, Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
 
2012 - 2022 жылдары Ойыл, Алға аудандарының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі, «Ақтөбе Нефте Газ Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
 
2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келді.