Қос тарап дәстүрлі достық және сындарлы сипатта екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, бауырлас елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 мамырдағы Қырғыз Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруда оң динамика қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Халықаралық аренада өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.