
«Соңғы ақпаратқа сәйкес, 3 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 19 учаскесінде жол қозғалысына енгізілген шектеулер сақталып отыр. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай өңірлерінде жол жабық. Жабық учаскелердің жалпы ұзындығы — 1 632 шақырым. Бұл республикалық тасжолдар желісінің 6,5%-ы», деп жазылған хабарламада.
Республикалық автожолдар желісінде 460 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.