Қоғам • 28 Ақпан, 2023

«Шаңырақ» балалар ауылының директоры қызметінен шеттетілді

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу аясында атқаратын қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шаңырақ» балалар ауылының директоры қызметінен шеттетілді

Бұған дейін «Немолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Тансари өзінің Facebook парақшасында балаларды ұрып-соғу фактісі туралы хабарлаған еді. Оның айтуынша,  «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленуші аталмыш қорға жүгінген. Бала интернат директоры оны және басқа да балаларды мезгіл-мезгіл ұрып-соғатынын мәлімдеді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерінен түскен өтініштен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу шаралары аяқталғанша балалар ауылының директоры қызметінен шеттетілді.