Жаңа құжат қабылданғанда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызмет өткеру тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік саяси қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға, «орталық» пен «өңірлер» арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің ұтқырлығы мен ынта-ықыласын арттыруға серпін береді.
Заң жобасының міндеті - келісімшарт бойынша еңбек ететін қызметшілер институтын заңнамалық бекіту. Сондай-ақ заң жобасында мемлекеттік қызметшілерді алмастыру кезінде тұрғын үйді жалдау үшін ротациялық төлемдерді енгізу де бар.