Былтыр ол «Talapai» стартап идесын құрып, ЕҰУ бизнес-инкубаторын дамыту байқауында қаржылай сыйлық ұтып алды. Айнұрдың жобасы ерекше ұлттық дизайнмен жасалып, оның «Бес тас», «Құмар», «Ағаш үй» бестемшесі, «Тұмар» бестемшесі, «Тоғызқұмалақ» ойындары ұлттық ою-өрнекке бай қоржын түрінде ұсынылған. Автордың үш ай бұрын басталған «Talapai» жобасы қазірдің өзінде өте танымал. Оның айтуынша, ұлттық ойынды сатып алуға өтініштер тек елімізден ғана емес, Түркия, АҚШ, Нидерланд тәрізді шетелдерден де келіп түскен.
– Қазір шетелдік үстел ойындарын көп кездестіресіз. Сондықтан мен өзіміздің ұлттық ойындарымызды заманауи үлгіде неге дәріптемеске деп ойладым. «Talapai» идеясы осылай пайда болды. Әр ойын сөмке тәрізді ағаштан жасалған қорапта ұсынылған. Оны барлық жерде алып жүруге өте ыңғайлы. Өте жеңіл. Бастысы – ағаш сөмке көпфункционалды, оны ашып, ойын ойнауға болады, – дейді А. Полатова.
Алдағы сәуір айында ол «Louis Vuitton» өкілдерімен кездеспек. Оның киіз үй тәрізді сөмке жасау туралы ұсынысын әлемдегі әйгілі брендтердің бірі қолдап, дизайнды талқылауға Парижге шақырды.
«Жарнамадан «Louis Vuitton» біздің киіз үйге ұқсас дүкен ашқанын көріп қалдым. Бұл мені қызықтырып, оған киіз үй тәрізді сөмке жасау туралы ұсыныс хат жаздым. Екі аптадан кейін компания менің ұсынысыма қызығушылық білдіріп, өздерінің жауап хатында идеяны одан әрі талқылау үшін Парижге шақырды», деді ол.
Бүгінде Айнұр Полатова Германиядағы Гете атындағы Франкфурт университетінде ЕҰУ академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып жүр.