Спорт • 28 Ақпан, 2023

Жыл үздігі – Месси

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның астанасы – Парижде Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ұйымдастыруымен «Football Awards 2022» деп аталатын үлкен салтанатты іс-шара өтті.

Жыл үздігі – Месси

Оның барысында ФИФА 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзінің шартты құ­ра­масын жариялады. Бұл тізімге мына ойын­шылар енді: Қақпашы – Тибо Куртуа («Реал», Бельгия). Қорғаушылар – Ашраф Хаки­ми (ПСЖ, Марокко), Жоау Кареанселу («Ман­честер Сити», Португалия) және Вирд­жил ван Дейк («Ливерпуль», Нидер­ланд). Жартылай қорғаушылар – Кевин Де Брейне («Манчестер Сити», Бельгия), Лука Модрич («Реал», Хор­ватия) және Казе­миро («Манчестер Юнайтед», Бра­зилия). Шабуылшылар – Лионель Месси, (ПСЖ, Арген­тина), Карим Бензема («Реал», Фран­ция), Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция») және Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Нор­вегия).

Лионель Месси жылдың ең үздік футболшысы деп танылды. Бұл – оның осы сыйлықты екінші мәрте иеленуі. Сөйтіп, ол осы көрсеткіші жағынан Криштиану Ро­налду және Роберт Левандовскимен теңесті.