Э. Блинкен Мемлекет басшысы мен СІМ өкілдеріне алғыс білдірген. Сондай-ақ ол жазбасын қазақ тілінде бастаған.
«Қайырлы күн, Қазақ елі! Менің сапарым сәтті, ал кездесулер нәтижелі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қонақжайлықтары үшін және С5+1 кездесуін өткізгені үшін алғыс білдіремін», деп жазды Энтони Блинкен Twitter парақшасында.