Экономика • 01 Наурыз, 2023

Қазақстанда пияз бен қызанақ қымбаттады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айында бағаның өсуі 1,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанда пияз бен қызанақ қымбаттады

Биыл маусымдық көкөністердің бағасы айтарлықтай өсті. Мәселен, пияз – 28,5 пайызға, қызанақ – 17 пайызға, қырыққабат – 10,9 пайызға, қияр – 9,8 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ күріш бағасы 4,4 пайызға қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде ақпан айында бағаның ең көп өсуі жуғыш және тазалау құралдарында байқалды.

Әуе жолаушылар көлігі қызметтері 21,5%-ға, теміржол қызметтері 2,3%-ға қымбаттады. Коммуналдық қызметтер бойынша орталықтандырылған жылыту – 7,1 пайызға, ыстық су – 6,3 пайызға, канализация – 3,1 пайызға, суық су – 1 пайызға, электр қуаты – 0,7 пайызға қымбаттаған.

«Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Алматы облысында (1,8 пайыз), ең төменгісі (0,7 пайыз) Қызылорда облысында тіркелді», делінген хабарламада.