АСТАНА. 24 маусым. Қызылорда облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбековтің және облыс соттары судьяларының қатысуымен Президенттің 2014 жылдың 17 маусымындағы №839 Жарлығымен алғаш рет тағайындалған судьяларды ұжыммен таныстыру рәсімі өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Қызылорда облысында онға жуық сот маманы Президент Жарлығымен судья лауазымына лайық деп танылды.
Нақтылай айтқанда, облыстық сот кеңсесі бақылау және құжат айналымы бөлімінің басшысы қызметінде болған Г.Тыныштықбаева Қазалы аудандық сотының судьясы, Қызылорда облыстық сотының бас маманы қызметін атқарған Ә.Түбекбаева Шиелі аудандық сотының судьясы, облыстық сот кеңсесі персоналды басқару бөлімінің басшысы болған Л.Әлібекова Қармақшы аудандық сотының судьясы қызметіне бекітілді.
Бұдан бөлек, аудандық соттарда қызмет атқарып келген Қызылорда қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі А.Әбілқайысқызы Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, Қызылорда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың бас маманы-сот отырысының хатшысы Б.Жанабаев Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы, облыстық сот кеңсесінің бас маманы Ж.Жолдасов Сырдария аудандық сотының судьясы, Қызылорда қалалық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Т.Темірбаев Жалағаш аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.
Сол сияқты Э.Ахметова, А.Сұлтанбеков, М.Исахановалар Қызылорда қалалық сотының судьясы, ал Н.Еламанов Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болды.
Облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларға сәттілік тіледі.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: kzl.sud.kz.

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44