Саясат • 01 Наурыз, 2023

Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қолдайды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қарусыздану жөніндегі конференцияның Жоғарғы деңгейдегі сегментінде сөз сөйледі. Іс-шараны БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкіл Изуми Накамицу ашып, конференцияға мүше мемлекеттердің 50-ден астам өкілі мәлімде жасады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қолдайды

М. Тілеуберді соңғы жылы әлем қауіпсіз бола бастағанын атап өтті. Украинадағы қақтығыс, орасан зор ядролық арсеналдар, шиеленіскен ядролық риторика және диалогтың болмауы әлемді қауіпті бағытқа жетелейді.

Қазақстан ядролық қарусызданудың сенімді жақтаушысы ретінде жаңа Стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын қысқарту шарты туралы мәселені 2026 жылдан кейін талқылауды қажет деп санайды. Сонымен қатар ядролық бес державаның 2022 жылғы қаңтарда қабылдаған ядролық соғысқа жол бермеу туралы бірлескен мәлімдемеге берік бейілдігін көрсетуі маңызды.

Министр Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты (ЯҚТСШ) дәйекті түрде қолдайтынын және ЯҚТСШ-ға қатысушы мемлекеттердің үшінші конференциясына төрағалық ететінін атап өтті.

Қатысушылардың назары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына аударылды. Бұл агенттік Биологиялық және уытты қаруларға тыйым салу туралы конвенцияның атқарушы органы ретінде әрекет етіп, дамушы елдердің қажеттіліктеріне ерекше назар аудара алады.