Спорт • 01 Наурыз, 2023

Жеңімпазға – 100 000 АҚШ доллары

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-26 наурыз аралығында Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде бокстан әйел­дер арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа 80-ге жуық мем­ле­кет­тің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр.

Жеңімпазға –  100 000 АҚШ доллары

Күні кеше ғана Халықаралық бокс қа­уымдастығы (IBA) аталған жарыстың жүл­де қорын жария етті. Ол 2,4 миллион АҚШ долларын құрады. Тарқатып айтсақ, Нью-Делиде 12 салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жектерде қарсылас шыдатпай, бас жүлдені олжалаған былғары қолғап шеберлерінің әрқайсысы 100 мың доллардан олжалайды. Күміспен күптелгендер сол соманың тең жартысын алады. Ал қола медальды иеленгендерге 25 мың доллар тиесілі. Әлем чемпио­ны атанып қана қоймай, қомақты қаржыны да қалтаға басуды көздеп отырғандардың арасында Олим­пия ойындары мен әлем чемпионатында атой салған арулар да бар.