24 Маусым, 2014

Индустриалды-инновациялық бағдарламаға басымдық берілуі тиіс

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Prezident03АСТАНА. 24 маусым. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында облыс активімен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Басқосуда Президент:«Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургиялық өнеркәсіптің  және ауыл шаруашылығының ірі өнідірісі, жаңа технологиялар мен инженерлік элита шоғырланған. Мұнда уран кені өңделетін бірегей өндіріс ошағы жұмыс істейді. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғаннан шығысқазақстандық кәсіпорындардың Ресей кеңістігіне шығып, баж салығынсыз, кедендік кедергілерсіз сауда жасауға жол ашылды. Өңір Қазақстандағы майлы дақылдардың төрттен бірін өндіреді, сүт пен ет өндіруде бірінші және екінші орында. Қазір ғана құс етін өндіретін зауытта болдық, өте үлкен әрі қызықты жоба», – деді. Бұдан бөлек, ол әлемдік экономикадағы ахуалдың жақсармай отырғандығын, тіпті нашарлау үрдісінің байқалатындығын айта келе: «Біз ішкі сұранысты көтеруіміз қажет және ішкі қаржы есебінен экономикамызды дамытып, жұмыс орындарын құруымыз керек. Мемлекеттің мүмкіншілігі бар, сондықтан да индустриалды нысандары одан ары құру, шағын және орта бизнесті, тұрғын үй құрылысы мен экономиканың басқа да секторларын көтеру үшін 1 трлн. теңге бөлінді», – деді. Кездесу сәтінде Нұрсұлтан Назарбаев индустриалды-инновациялық бағдарламаға басымдық берілуі тиістігін ескертті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту өзектілігіне және бұл сектордағы өндіріс көлемі 2-2,5 есеге артқанына назар аударды. Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. P01 Prezident.025Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».