Оқиға • 02 Наурыз, 2023

Алматыда нәрестенің мәйіті табылды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәйітті тұрғындар өзеннен тауып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда нәрестенің мәйіті табылды

Сәбиді орап, қапшыққа салып өзенге тастап кеткен. Жергілікті тұрғынның иті оның иісін сезген. Куәгерлер мәйіт өзенде бірнеше күн жатқанын айтты.

Алайда нәрестені кімнің, қалай тастап кеткені белгісіз. Қазір оның анасы іздестіріліп жатыр. Бұл оқиға бойынша тергеу басталды.

«Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті іс-шаралар өткізіледі. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», деді Алматы ПД баспасөз қызметі басшысының орынбасары Еркін Өтегенов.