Оқиға • 02 Наурыз, 2023

Щучинск қаласының тұрғынынан пулемет-тапанша табылды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер Щучинск қаласының тұрғынынан ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде шығарылған пулемет-тапанша тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучинск қаласының тұрғынынан пулемет-тапанша табылды

«Мал ұрлығы» ЖПІШ-ін өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркіледі.

Ақмола тұрғыны ақпан айында қаруды металл қабылдау пункті болған аумақтан тапқанын айтты.

Қаруды заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тексеру кезінде «Тіркелген қару» және «Қылмыстық қару» есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.