Әлем • 02 Наурыз, 2023

Қытай ғалымдары үй жануарларын клондау әдістерін қолдана бастады

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылы алғаш рет бұл істі қолға алған көрші елдің зерттеушілері бүгінде жануар клондауды әр түрлі мақсатта қолданып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Қытай ғалымдары үй жануарларын клондау әдістерін қолдана бастады

Сүйікті жануарларынан айрылып қалған, аспан асты елінің тұрғындары жыл сайын клондау қызметіне жүгінетін көрінеді. Бір қызығы бұл үрдіске уақыт өткен сайын сұраныс тек артып келеді. 

Қытайда төрт аяқты жануарды «қайта тірілту» үшін шамамен 30-40 мың доллар қажет. Ол үшін ДНҚ прототипке толығымен сәйкес келетін кішкентай жасуша қолданылады. Ал жануардың «өмірге қацта келуі» үшін 10 ай уақыт қажет. 

«2017 жылы бізде алғаш рет клондалған үй жануары дүниеге келді. Содан бері 6 жылда бірнеше жүз ит-мысықты клондадық. Жалпы, Қытайдағы бұл сала табысты дамып келеді. Біздің қызметімізге жүгінген азаматтармен үнемі байланыстамыз. Олардың біздің қызметке беріп отырған бағасы жоғары», деді «Sinogene» компаниясының президенті Ми Цзидун.