Мәдениет • 02 Наурыз, 2023

Күй аңызы: «Қосбасар» қалай дүниеге келді?

1138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күй тарихы қызық қой. Күйді тыңдағанымыз болмаса, шығу тарихы мен мәнін аса біле бермейміз.

Күй аңызы: «Қосбасар» қалай дүниеге келді?

1930 жылы «Созақ көтерілісі» болған. Тама руының батыры Сұлтанбек Шалақұлы бастаған көтерілісшілер Голощекин саясатына қарсы тұрады, қару жиып ашық соғысқа шығады. Көтерілісте Созақ халқының үштен бірі қырылып қалады. Солардың арасында Сүгірдің де туыстары болады. Бұл күй осы нәубетте қайтыс болған боздақтарға арналған. Бұл жөнінде Мәди Байдаулетов мынадай дерек жазады:

«...Сүкеңде бірнеше «Қосбасар» бар. Мұның негізінде Созақ көтерілісінің қасіреті, зұлмат жылдардың мұң-зары жатыр. Алғаш Кеңес үкіметі орнаған кезде билік басындағыларға күйшінің көңілі тәуірлеу болған. Өзі ауылнай сайланады. Бірақ кейін олардың ісі басқаша өріс алып бара жатқанын түсініп, аяғын тартады. Асыра сілтеу асқынған кезде жұрттың малын, жанын тартып алған зорлық-зомбылықтарға жаны күйеді. 1932 жылғы ашаршылықта ел басы ауған жаққа босып, құм-құмның ішінде шегіртке, тасбақа жегенін, бір кездегі бәйбішелердің бұтаның түбінде баласын кеудесіне басып, құшақтаған күйі қатып өлгенін өз көзімен көрген. Халықтың ашу-ызасы 1933 жылы Созақ көтерілісіне ұласады. Сол қақтығыста қарусыз қаншама адам жазықсыз қырылып, қаны судай ағады. Сүкеңнің дос-жарандары, үзеңгілес-құрдастары, ет жақындары мерт болады. «Қосбасар» - осындай қос оқиғаны суреттеген Сүгірдің жан жарасы еді».