Спорт • 03 Наурыз, 2023

Шавқатқа жанкүйер болайық

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қа­ласында аралас жекпе-жектен өтетін UFC 285 турнирінде қазақтың қай­сар ұлы Шавқат Рахмонов өнер көрсетеді.

Шавқатқа  жанкүйер болайық

Осы күнге дейін 16 рет октагонға шығып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан қандасымыз аталған кеште Джефф Нил­мен күш сынасады. 32 жастағы АҚШ-тың файтері 19 кездесудің 15-ін өз пайда­сына шешті. 11 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Ол – бразилиялық джиу-джитсудың хас шебері. Өзінің соңғы кездесуін Нил былтыр тамыз айында Висенте Лукеге қарсы өт­кізіп, оны үшінші раундта нокаутқа жі­берді.

Лас-Вегастағы жарыстың негізгі кар­дын­дағы бәсекелер Валентина Шевченко (Қыр­ғызстан) мен Алекса Грассо (Мексика), Джа­лин Тернер (АҚШ) мен Дэн Хукер (Жаңа Зелан­дия), Джейми Пикетт (АҚШ) пен Бо Никал (АҚШ) сынды спортшы­лар арасында өтеді.