Әлем • 03 Наурыз, 2023

Грекиядағы теміржол апатынан қаза тапқандар саны 57 адамға жетті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекия тарихындағы ең ірі теміржол апатынан көз жұмғандар саны 57-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Грекиядағы теміржол апатынан қаза тапқандар саны 57 адамға жетті

Лариса маңында жүк пойызымен соқтығысқан Афины-Салоники пойызы жолаушыларының көптеген туыстары әлі күнге дейін жақындарының тағдырынан хабарсыз.

Құтқарушылар майысқан, сынған металдар арасынан жолаушыларды іздеуді жалғастыруда. AFР-тің өрт сөндірушілерге сілтеме жасап хабарлауынша, пойыздың мейрамхана вагоны пойыздар соқтығысқаннан кейін бірден өртеніп кеткен, ондағы температура 1300°С дейін жеткен.

Елдің түкпір-түкпірінде донор болғысы келетіндер қан құю пункттерінде ұзын-сонар кезекке тұрған. Грекияның Қызыл Ай өкілдерінің айтуынша, бірінші күні-ақ олардың қызметкерлері қан құйылған 270 контейнер жинаған.

Зардап шеккендердің жасы – 21-26 жас аралығындағы жолаушылар. Олар Лариса мен Салоник ауруханаларына жеткізілген. «Прото Тема» басылымы 48 адам жараланғанын, олардың алтауы қарқынды терапия бөлімінде жатқанын жазды.

Қайғылы оқиға Грекия қоғамы үшін ауыр соққы болды. Елде қарсылық шаралары өтіп жатыр. Теміржол қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бұрыннан келе жатқан мәселелер бар екенін айтып, ереуілге шыққан.