Қоғам • 03 Наурыз, 2023

Банкроттыққа онлайн өтінім беруге болады

2326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану» мемлекеттік қызметі eGov.kz порталы мен eGov Mobile-да қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz eGov.kz-ке сілтеме жасап.

Банкроттыққа онлайн өтінім беруге болады

Қызмет соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану және тоқтату туралы өтініш онлайн қабылданады. eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында банкроттыққа өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады.

eGov.kz порт️алында және eGov mobile қосымшасында өтініш бермес бұрын құжаттардың толық пакетін жинау керек. Қызметке өтінім беру үшін екінші деңгейлі банктерден қажетті растамаларды алу қажет.

Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін:

- Банкрот деп тану туралы соттан тыс арыз беру шарттарының сақталуын растау;

- некеде болу жағдайында жарының ЖСН-ін көрсету;

- несиелер бар қаржы институттары туралы мәліметтерді толтыру;

- салық органын көрсету және құжаттардың көшірмелерін қосу;

- АӘК алушы болса, белгі қою;

- егер міндеттемелерді орындау мерзімі 5 жылдан астам болса, белгі қою;

- өтінішке бір реттік құпия сөз немесе ЭЦҚ арқылы қол қою керек;

Қызмет нәтижесі 15 жұмыс күні ішінде Жеке кабинетте шешімге сілтеме түрінде пайда болады. Шешімді Қаржы министрлігінің сайтынан қарауға болады. Соттан тыс банкроттық рәсімі 6 айға дейін созылады.