Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, «SMSBUS» ЖШС «City Transportation Systems» ЖШС (бұрынғы Astana LRT) үстінен сотқа шағым түсірген.
Сонымен қатар Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қатысты сотқа шағым түсті. Талапкер соттан «Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын электронды жинау жүйесі мен диспетчерлік жүйені жаңғырту» жобасын жүзеге асыру бойынша серіктесті анықтау үшін жарияланған тендерді заңсыз деп тану және оның күшін жоюды сұрайды.
Соттың баспасөз қызметі талап арыздың әзірге АПК-нің 131-бабына сәйкес келмейтінін, алайда «SMSBUS» ЖШС кемшіліктерді жою үшін 7 наурызға дейін уақыты бар екенін түсіндірді.
2023 жылдың басынан бастап «Қалалық көлік жүйелері» қоғамдық көлікте төлем қызметтерін көрсету бойынша жеткізушіні ауыстырды. «SMSBUS» орнын «Төлем Кью» ЖШС иеленді.
Бұған дейін елорда тұрғындары жол ақысын төлеу мәселесіне тап болған еді. Ал жаңа жеткізуші бұл қызметті көрсетуге дайын емес болып шықты.