Қоғам • 03 Наурыз, 2023

Ақтөбедегі 1,5 жасар баланың өлімі: анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

1025 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында қайтыс болған 1 жарым жасар баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  Egemen.kz  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбедегі 1,5 жасар баланың өлімі: анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00 шамасында Ақтөбе полиция басқармасы Алматы ауданы №3 ҚПБ-нің 102 нөміріне 02.02.2022 жылы туған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кәмелетке толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, қорытындысы бойынша жүректің жетіспеуінен (сердечная недостаточность) қайтыс болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша баланың анасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», делінген  хабарламада.

Тергеуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сонымен бірге қайтыс болған баланың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағаны белгілі болды.