Қоғам • 05 Наурыз, 2023

Ақтөбе облысында оқушылар жол апатына ұшырады

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы маңында оқушылар жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz   «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында оқушылар жол апатына ұшырады

Басылым мәліметінше, оқиға 4 наурызда кешкі сағат 20:55 шамасында Шалқар-Базой тасжолының 4-шақырымында болған. 9-сынып оқушысы Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеп келе жатып аударылған. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған қыз сол жерде қайтыс болған. Қалған төртеуі Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілді.

Балалар Шалқардың №8 мектебінің оқушылары екені айтылған. Алайда өңірдің білім басқармасы өкілдері әлі ешқандай пікір білдірмеген.