Қоғам • 05 Наурыз, 2023

Төтенше жағдай қызметі алматылықтарға қар көшкініне байланысты үндеу жасады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні жүру қаупіне байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай қызметі  алматылықтарға  қар көшкініне байланысты үндеу жасады

Дауылдық ескертуге сүйенген құтқарушылардың хабарлауынша, 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін.

«Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс», делінген хабарламада.

Сонымен қатар құтқарушылар тауда қалған туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.