«Өз елімнің туын көтеріп, желбірете алғаныма қуаныштымын. Аллаға сан мың рақмет, қолымнан келді бұл. Джефф Нил мықты қарсылас, көптен бері жеңіліп көрмеген, оның үстіне менен әлдеқайда ауыр, бірақ соған қарамастан бұл жекпе-жектен бас тартқаным жоқ. Белбеуге таласу үшін әлі 1-2 жекпе-жек өткізуім керек деп айтқанмын алдында. Ал қазір оған дайынмын. Колби Ковингтон, дайындала бер, келесі сенсің!», деді Рахмонов.
Сонымен қатар Рахмонов болашақта жартылай орта салмақтағы UFC титулына таласуға ниеті екенін мәлімдеді. Сөйтіп жақында осы белбеуге таласатын Леон Эдвардс пен Камара Усманды құлағдар етіп, оларға ескерту жасады.
Айта кетсек, Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді буындыру әдісімен жеңді.