Аймақтар • 05 Наурыз, 2023

Балборсық

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда соңғы жылдары өңірде көп кездеспейтін аң-құс түрлері ара-тұра көзге түсіп, таңғалдырып келеді.

Балборсық

Көктемге салым жадыраңқы күндердің бірін­де Маңғыстау облысының тұрғындары дала­дан сирек кездесетін балборсықты көргендігі туралы бейнехабар әлеуметтік желілерді кезіп кетті. Әлеуметтік желіден көргеніміздей, тұқым түрі аз болғандықтан Қызыл кітапқа енген балборсық айдалада жолаушыларға алдымен айбат шегіп, артынша қашып кетуге тырысады.

Ғалым-мамандардың айтуынша, республика бойынша тек бірнеше түрі бар балборсық елі­мізде Маңғыстау облысының оңтүстік бөлігі, оңтүстік және оңтүстік-батыс Үстірт аумағын және Қарынжарық ойпатын мекендейді екен.

Тұрғындар арасында «ит аю» деп те аталатын бұл аң түрі өте сирек кездесетіндіктен, алғаш рет көріп таңғалушылар көп.

 

Маңғыстау облысы