Елорда • 06 Наурыз, 2023

Астанада қыздар арасында конкурдан жарыс өтеді

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада қыздар арасында конкурдан жарыс өтеді

Астана, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарынан келген шабандоздар 8 наурызда «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде үздіктерді анықтайды.

Байқауға қатысушылар биіктігі мен күрделілігі бойынша 4 бағытта жарысады:

Бірінші санат – «Әуесқойлар санаты, 105 см»;

Екінші санат – «Балалар санаты 12-15 жас, 110 см»;

Үшінші санат – «Ашық сынып санаты, 120 см»;

Төртінші санат – «Екі кезеңнен тұратын ашық санаты, 120 см»

Жарыстың жалпы жүлде қоры 6 000 000 теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.