Медицина • 07 Наурыз, 2023

Қытай адам генін өңдеуде ережені сақтамай отыр - сарапшылар

1031 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бес жыл бұрын қытайлық ғалым егіз балаға алғаш рет генетикалық өңдеу әдісін пайдаланған еді. Осы іске байланысты наразылық туып, халықаралық сарапшылар бұл тәсілді пайдаланудың жаңа ережесін бекіткен. Бірақ Қытай ол ережені сақтамай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай адам генін өңдеуде ережені сақтамай отыр - сарапшылар

Қытайдағы генді өңдеу саласының халықаралық сарапшысы Джой Чжан бұл саланы реттейтін талаптардың орындалмай отырғанын айтты.

«Бұл әдіс ғылыми институттардан тыс, жеке кәсіпорындарда жүзеге асырылып жүр. Мен осыған алаңдаймын», дейді сарапшы.

Генді өңдеу - бұл ДНҚ-ға өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін әдіс. Яғни осы арқылы туа бітті ауруларды емдеуге және баланың генін түбегейлі өзгертуге болады. Әрі ата-бабадан берілетін ерекшеліктерін жоя алады.

Сарапшылар Қытай зерттеулері мен тәжірибесінде көп құпия бар дейді.

«Мен Қытайдың неліктен көшбасшы болғысы келетінін түсінемін. Ерекше назар аудару керек салалар бар. Генді өңдеу саласы солардың бірі. Оны дұрыс басқару мен қадағалау жұмысын жақсарту керек», деді Робин Ловел Бадж.