Денсаулық • 07 Наурыз, 2023

Қазақстанда хиджамаға тыйым салына ма?

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай сұрақ электрондық үкіметтің сайтында қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда хиджамаға тыйым салына ма?

Денсаулық сақтау министрлігі «хиджама» - бұл адамның терісіне кесулер жасап, қан шығарудың ежелгі әдісі екенін атап өтті.

«Бұл процедураны жасау кезінде адам терісінің тұтастығына зақым келеді, сонымен қатар инвазивті әдістер қолданылады. Инвазивті әдістерді медицина мамандары жүргізуі керек. Бұл ретте науқастың келісімін алу қажет», деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігінде.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте Медициналық және фармацевтикалық қызмет лицензиялануға жатады. Лицензиялауға жататын медициналық қызметтің кіші түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда айқындалған. Көрсетілген тізімде «хиджама» әдісі жоқ.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі «Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес «хиджама» рәсімінде қолданылатын медициналық бұйымдар сыни медициналық бұйымдар тобына (тіндермен, қуыстармен немесе қанайналым арнасымен тікелей жанасатын құралдар мен жабдықтар) жататынын атап өтті және олар плазмалық немесе (сутегі асқын тотығы негізінде) химиялық әдіспен (зарарсыздандыру құралдарының ерітінділеріне батыру арқылы) зарарсыздандырылуы тиіс, оған бумен (артық қысыммен сумен қаныққан будың әсерінен), ауа әдісімен (құрғақ ыстық ауамен) зарарсыздандыру да жатады.

Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, инвазивті емдеу әдістерін медицина қызметкері қолданыстағы маман сертификаты болған кезде және санитарлық ережелер мен нормаларды сақтай отырып жүргізуі керек деген қорытындыға келді.