Қоғам • 07 Наурыз, 2023

Министрлер жұбайларына не сыйлайтынын айтты

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мереке қарсаңында Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктері әйелдеріне қандай сыйлық сыйлайтыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлер жұбайларына не сыйлайтынын айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров әйеліне гүл сыйлайтынын айтты.

«Дәстүр бойынша гүл сыйлаймын, қазір олар қанша тұратынын білесіздер», деп жауап берді Қуантыров Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Сонымен қатар журналистер министрден бір бума гүл қанша тұратынын сұрады.

«Гүлдің бағасы оның түріне байланысты болады. Мәселен, қызғалдақ арзан, раушан қымбаттау. Қазір раушан гүлдері шамамен 2,5 мың теңге тұрады», деп жауап берді министр.

Сондай-ақ министр барша қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады.

«Әйел бойында мейірімділік, адалдық, әдептілік, осы қасиеттерді бағалаймын. Құрметті әйелдер қауымы, сіздерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін, бақытты болыңыздар», деп құттықтады министр.

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин де ерекшеленбей, жұбайына гүл сыйлауды ұйғарған.

«Гүл сыйлаймын деп ойлаймын. Сондай-ақ нәзік жанды жұбайымды мейрамханаға шақыруды жоспарлап отырмын. Бұл әйелдер мерекесі, жыл сайын міндетті түрде жұбайымды, анамды және әжемді құттықтап, гүл беремін», деп бөлісті министр.

Сонымен қатар ол сыйлыққа қанша ақша жұмсайтынын да айтты.

«Шынымды айтсам, көп емес, нақты бағаны айта алмаймын», деп жауап берді ол.

Айта кетейік, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та әйеліне гүл сыйлауды жоспарлап отырғанын айтқан еді.