Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры[/caption] Журналистер күні қарсаңыңда Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Сұлтанов Руслан Серікұлы бір топ журналистер және блогшылармен бейресми кездесу өткізіп Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйімен таныстырып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында алғашында Қазақстандықтардың Еуразиялық экономикалық одағына күмәнмен қарап, саяси тұрғыдан бағамдағанын атап өтті. "Ресей бұрынғы кеңестік одақты қайта құруда", "Қазақстан экономикалық жағынан қауқарсыз", "Қазақстанда оншалықты бизнес әлеуеті дамымаған" деген секілді пікірлер белең алғанын, бұл пікірлердің бәрі негізсіз екенін айта келіп: "Өздеріңіз білетіндей, ЕЭО заңнамалық құжаттамалары халық талқысына алдын-ала салынып, сонан соң ғана қол қойылды. Ал жоғарыда айтылған қауесеттер ақталмады деуге біздің тіпті қазіргі уақытта негізіміз бар",-деген пікір білдіре отырып: "Біздің сол қауесеттегідей бірыңғай парламентіміз, валютамыз болуы мүмкін еместігін, бұл тек қана экономикалық одақ екенін уақыт көрсетіп отыр. Бізді егемендігімізден, тәуелсіздігімізден айыратын ештеңе жоқ. Еуразиялық Экономикалық Одақ дегеніміз не? Ол жай ғана 1017 беттік келісім актілері, шешімдер мен нормалар жиынтығы емес, бұл экономикамызға тың серпін беретін жоба. Осы жоба өз дәрежесінде орындалса біздің еліміз шикізаттық ел емес, дамыған, экономикасы мықты мемлекетке айналады. Жоба модернизациялық экономиканы құруға қол жеткізу үшін жасалған құрал ретінде қарастырылады. Бұл – дәлелді талап етпейтін айқын заттар. Келесі мәселе - кадр мәселесі. Мұндай ауқымды жобалармен бәсекеге қабілетті кәсіпқой мамандар айналысуы тиіс",-деді. Сонымен қатар бұл жобамен тек арнайы мамандар емес, ол әкім-қара болсын, ол мектепті жаңа бітірген жас болсын еліміздің кез-келген азаматы айналысуы тиіс. Бизнесмен мәселен, бір өндірісті қолға алса, бұрынғыдай 15-17 млн-дық тұтынушыларға емес, 170 млн-дық тұтынушыға арнап тауар өндіруді жоспарлау қажет екенін баса айтты. Соңыра БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтай келе: ""Мен, мәселен, біздің БАҚ Ресейлік немесе батыстық әріптестерінен өз ісін кем біледі деп есептемеймін. Өз тәжірибемнен білемін. Еуразиялық экономикалық одақ тақырыбына Ресейлік БАҚ өкілдері нақты факттермен немесе жауапты қызметкерлердің пікірін тыңдамай өз ойларымен ғана бөлісіп, халық арасында пікір қайшылығын тудырып отырса, біздің БАҚ өкілдеріміз нақты факттермен жұмыс істеп, халыққа шынайы ақпарат таратып отырды. Өз оқырмандарына еуразиялық үдерістің барлық артықшылықтарын және қиындықтарын анық жеткізе білді",-деді.

«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше