АСТАНА. 25 маусым. Қарағандыға «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясының басшылары келіп, облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековпен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Аталған кездесуде «Кузнецкий» разрезінде көмірді кешенді өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Нұрмұхамбет Әбдібеков: «Бүгін біз жобаның қазіргі жағдайын талқылап, алдағы уақытта бірлескен жұмыстың нақты жоспарын анықтау үшін жиналдық», – деді.
Ал «Цинхуа» корпорациясы бас директорының орынбасары Ланг Инг өз кезегінде: «Инвестициялардың жалпы сомасы 2 млрд. доларды құрайды. Зауыт құрылысы екі кезекке бөлінген», – деді. Сондай-ақ, аталған корпорацияның басқарма төрағасы Хуо Ксингхуа: «Біз бұл аймақта жаңа көмір химиясы өндірісін дамытамыз. Көмір арқылы Қазақстанда таза қуат көзін енгізуге жол ашамыз», – деді.
Қытайлық инвесторлардың сөзіне қарағанда, «Кузнецкий» көмір разрезіне арнайы талдауы жүргізілген. Дегенмен, әлі де болса тереңдетілген маркетингті зерттеулер жүргізу қажет. Ал қаржыландыру схемасы әзірге анықтала қоймаған.
Мамандардың есептеуінше, жобаның жүзеге асырылуы өндірілген көмірдің әр тоннасынан экономикалық тиімділікті 5-7 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кездесуде жергілікті халықтың жоба бойынша жұмысқа тартылуы және отандық материалдарды пайдалану мәселелері басты назарда болды. Сонымен қатар, өңір басшылары экологиялық талаптар мен стандарттарды сақтау ісін нақтылады.
Екіжақты кездесуде Қарағанды облысы мен қытайлық «Цинхуа» энергетикалық корпорациясы көмірді кешенді өңдеу жөнінде меморандумға қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл келісім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинь арасындағы келіссөз барысында қол жеткізілген уағдаластықтар аясында жүзеге асырылғалы отырған жобалардың бірі. Жылпы, Қытай инвесторлары көмірден синтетикалық сұйық отын өндіруді жоспарлап отыр. Кәсіпорын бензин, дизельдік отын мен жоғары бағалы түрлі химиялық өнімдерді шығарады деп күтілуде.
«Цинхуа» корпорациясы көмірді өндіру, байыту, кокстау және химиялау бойынша ірі жекеменшік компания болып табылды.
Жолдыбай Базар.
Дерккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: «ҚазАқпарат».

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше