Елорда • 09 Наурыз, 2023

Астанада цифрлық активтерді заңсыз айырбастау әрекеті анықталды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жалпы айналымы 34 млн долларды құраған  «ABS Change» крипто айырбастау пунктінің заңсыз қызметі әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада цифрлық активтерді заңсыз айырбастау әрекеті анықталды

«Қазақстанның 3 азаматының «ABS Change» крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметі анықталды. Аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүзеге асырды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді», делінген ведомство хабарламасында.

«Binance» платформасында 2 криптоәмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды. Алдын ала есеп бойынша «Binance» платформасындағы крипто айырбастау пунктінің криптоәмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.