Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек «Мигрант» операциясының нәтижелері туралы айтып берді.
«Сегіз күн ішінде көші-қон заңнамасын 9,2 мыңнан астам адам бұзғаны анықталды. Оның ішінде 5,1 мың шетелдік елде болу шарттарын бұзды. Айта кету керек, кейде пайда табу үшін жұмыс берушілер шетелдіктердің заңсыз еңбегін бұған рұқсат алмай пайдаланады, осылайша азаматтарымызды еңбек қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырады», деді ол.
Елде шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметінің 2,7 мыңға жуық фактісі тіркелген. 471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.